ЕАЭО-ның құрылуы теңгенің құнсыздануын тудырмайды - Е. Ыдырысов

ЕАЭО-ның құрылуы теңгенің құнсыздануын тудырмайды - Е. Ыдырысов
ашық дереккөз
ЕАЭО-ның құрылуы теңгенің құнсыздануын тудырмайды - Е. Ыдырысов

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы теңгенің девальвациясын тудырмайды. Бұл туралы бүгін Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына байланысты өткен брифингте ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

«Біздің (ЕАЭО) шартқа қол қойылуының салдарынан рубльдің, теңгенің немесе белорустық валютаның девальвациясын тудыратын қандай да бір себеп бар деп ойламаймын. Керісінше, біздің экономикалық әлеуеттің нығаюы валюталардың тұрақтылығын күшейте түседі», - деді Е. Ыдырысов.

Бұл тұрғыда министр ЕАЭО-ның қаржылық ұйымдары күрделі жағдайларда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұлттық экономикалардың мүдделерін қорғауға қауқарлы болатынын қадап айтты.

 Руслан Ғаббасов

Ақпарат көзі: www.bnews.kz

Ұқсас жаңалықтар